Қазақстанда 180 миллион теңге негізсіз жұмсала жаздаған

Көркем Алдабергенова 08 окт. 2024 16:29 2557

Қазақстанда 180 миллион теңге негізсіз жұмсала жаздаған,-деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағаларын бекітті.

Ақпараттық материалды газетке орналастыру бағасы (1 шаршы см үшін) 400 теңгені, интернет-ресурстарда орналастыру үшін (1 таңба үшін) 38 теңгені, теледидарда бір минут ішінде 39 500 теңге мөлшерін құрайды.

Бұл ретте облыстың Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы аталған қызметтерді негізсіз жоғары бағамен сатып алып отырған.

Мысалы, газеттерде орналастырған үшін құны 3,5 есе (бағасы 1447 теңге), интернет-ресурстарда 7 есе (270 теңге), теледидарда 16 есе (633 862 теңге) қымбаттатылған.

Прокурорлық ден қою шараларымен БАҚ қызметтерінің базалық бағасы қайта қаралды, бюджет қаражаты 180 млн теңгеге үнемделді, лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жазаға тартылды.


Рекомендовать
Последние новости