Қазақстан шетелдік жұмысшы күшіне қатысты квотаны шектеді

Кәмшат Тілеухан 08 янв. 2025 10:16 618

Қазақстан Республикасының территориясында жұмыс істеу үшін шетелден алдыртылатын жұмыс күшінің 2025 жылғы квотасының көлемі белгілі болды. Бұл мәлімет Еңбек министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығында қамтылған, деп жазады Dalanews.kz

ҚР территориясында жұмыс істеу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2025 жылғы квотасында шетелдік үлесі еліміздегі жұмысшы күшінің санына пайызбен шаққанда:

  • жергілікті атқарушы орган рұқсаттары бойынша - 0,2%;
  • еңбек иммигранттарын тартуда - 3% мөлшерінде.

Бұйрық 2025 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ал 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың жұмысшы қолы деңгейінде белгіленген болатын. Ал еңбек иммигранттарының квотадағы үлесі республикамыздағы жұмыс күшінің санына қатысты 3,1% немесе 271,3 мың адамды құраған.   

Айта кетсек, елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Осыған байланысты еліміздегі мемлекеттік наградалар жүйесіне (бұрыннан бар 6 құрметті атаққа) 9 жаңа құрметті атақ енгізілді


Рекомендовать
Последние новости