Қазақстан Ресейге қашып кеткен сепаратисті қайтаруды талап етті

Dalanews 10 авг. 2023 08:49 1025

Бас прокуратура сепаратизмге айыпталған Максим Яковченконы Қазақстанға қайтаруды талап етті.

Ведомствоның хабарлауынша, Ресей тарапынан әлі тексеру жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

Максим Яковченко – БҚО, Орал қаласы, Теректі ауылының тұрғыны. Ол 2022 жыл 12 ақпанда өзінің VK парақшасына “Орал, Петропавл, Павлодар және тағы да басқа қалаларды Ресейге беру керек” деп жазған.

Осы мәлімдемесі үшін Яковченкоға Қылмыстық кодекстің “алауыздық қоздыру” және “сепаратизм” баптары бойынша айып тағылды.

Алайда, айыпталушы сот отырысына келмей қойған. Кейін полиция Яковченконың үйін сатып, «Сырым» шекара бекеті арқылы Қазақстаннан шығып кеткенін анықтады.

Сурет: Халық үні 

Рекомендовать
Последние новости