Ақпарат және қоғамдық даму министрі Президентке атқарған жұмыстары жайында баяндады

Dalanews 10 авг. 2023 14:23 930

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кездесуде Дархан Қуандықұлы Мемлекет басшысына министрлік атқарып жатқан жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.

Өз кезекгінде ведмоства басшысы Президентке министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтты.

Сонымен қатар министрлік отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беруде.


Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.

Рекомендовать
Последние новости