Қазақстан Путинге қарсы келген якут белсендісін Ресейге қайтаратын болды

Dalanews 11 окт. 2023 04:12 885



Алматы полициясы саха белсендісі Айхал Аммосовты (паспорттағы аты-жөні: Игорь Иванов) Ресейдің сұрауы бойынша ұстаған. Қазір оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Orda.kz Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.





Басылымның мәліметінше, Аммосов РФ Саха республикасының ішкі істер басқармасының сұрауы бойынша ұсталған. Департамент "экстрадиция мәселесі халықаралық келісім негізінде шешіледі" деген.

Бірақ "армияның беделін түсіру" бабы экстрадициялауға негіз бола алмайды. Себебі Қазақстанда бұл заңның баламасы жоқ. Ресейде Аммосовқа оның соғысқа қарсы әрекеті үшін "армияның беделін түсірді" деген айып тағылған.

Наразылық акцияларынан кейін Аммосовқа граффити, плакат пен пикет үшін "Ресей әскеріне тіл тигізді" деп әкімшілік хаттамамен үш рет айыппұл салынып, 2022 жылдың тамызында осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыдан соң Аммосов Қазақстанға көшіп келді.

Аммосовтың айтуынша, ол Қазақстан арқылы Еуропа елдерінің біріне кеткісі келген.

Sota телеграм-арнасының жазуынша, кейінгі күндері Қазақстан қауіпсіздік қызметі Аммосовтың ізіне түскен. Бұл жөнінде арна Аммосовтың таныстарына сүйеніп хабарлады. Олардың сөзінше, полицейлер белсендіге уақытша тұруға рұқсат алуға көмектескен адамға келіп, оның тұрғылықты жерін сұраған (белсенді Астанада тіркелген, бірақ Алматыда тұрған).

https://dalanews.kz/sadak/93761-rosatom-qazaqstandagy-tagy-bir-kenish



Рекомендовать
Последние новости