Қазақ билігі Кремль агрессиясын айыптайтын тағы бір мәлімдеме жасады

Dalanews 20 июн. 2022 06:12 698



Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басылымдарға жариялаған мақаласында әлем елдерін БҰҰ-ның жүз жылдығын қарай, яғни 2045 жылға дейін ядролық қарудан бас тарту жоспарын жасауға шақырды.





"Біз барлық мемлекетті, соның ішінде ядролық державаларды БҰҰ-ның 100 жылдығына қарай 2045 жылға қарай ядролық қаруды толығымен жоюдың кезеңдік жоспарын әзірлеуге шақырамыз. Осы мақсатқа жету жөніндегі ұсыныстар мен келісімдер екі тараптың да Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың бірінші конференциясы және шолу конференциясы қорытынды құжаттарында көрініс табуы мүмкін" еді Тілеуберді мақаласында.

Қазақстан сыртқы істер министрі мақаласын 21-23 маусымда Венада өтетін Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қойған елдердің алғашқы кездесуі қарсаңында жариялады.

"БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш қазір әлемде шамамен 13400 ядролық жарылғыш зат барын атап өтті. Қазір ядролық қаруды қолдану қаупі артты.

Украинадағы әскери қақтығыс кезінде ядролық қару қолдану туралы сөз шығып жатыр, демек бізге бірігіп адамзатқа қауіп төндіретін қорқынышты қаруға тыйым салу және жоюды ойлауымыз керек"


деп жазды Тілеуберді.

Әлемде ядролық қару қолдану қаупі Украинадағы соғыс кезінде қайта төнді. Ресей президенті Владимир Путин ақпанда зымыран-ядролық күштерін күшейтілген режимге көшіруге бұйрық берген.

Осыдан соң сарапшылар Украинадағы соғыста сәтсіздікке ұшыраған әрі Батыс санкциясына тап болған Ресей әскери қақтығыста ядролық қару қолдана ма деп алаңдаған еді.

Қазақстан мен Украина Совет одағы құлаған соң ядролық қаруының басым бөлігінен бас тартқан еді, Ал 1993 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылған еді.

https://dalanews.kz/ekonomika/78824-2030-zhyl-dal-osy-zhyly-ulttyq-qordagy-qarzhy

https://dalanews.kz/del-qazir/78804-bolat-nazarbaevqa-ay-sayyn-300-myng-doll

https://dalanews.kz/bas-takyryp/69459-onyng-oyy-reseydi-ydyratu-kreml-tag

https://dalanews.kz/del-qazir/78610-akimder-reytingi-bir-gramota-tapsyry



Рекомендовать
Последние новости