"Өзімізге тиесілінің бәрін қайтарамыз". Зеленский Путинге үн қатты

Dalanews 20 июн. 2022 05:47 770



Украина президенті Владимир Зеленский 18 маусымда соғыстағы майдан шебі - Николаев облысы мен Одесса облысына барып, әскерилермен кездесіп қайтты.





Ол майдан шебінен қайтып бара жатып, пойызда жазған видеода "шығысымызды ешкімге бермейміз" деп мәлімдеді.

"Отан қорғаушыларымызбен: әскерилермен, полицейлермен, ұлттық гвардияшылармен, аумақтық қорғаныс өкілдерімен сөйлестім. Олар өздеріне сенімді, біздің жеңісімізге күмәнданбайды. Еліміздің шығысын ешкімге бермейміз, өзімізге тиесілінің бәрін қайтарамыз, теңіздер де біздікі болады, әрі қауіпсіз болады" деді ол.

Зеленский елдің шығысына барып, порттардың қауіпсіздігі мен бидай өнімдерін экспорттау мәселесін де талқылаған.


"Ұстанымымыз анық әрі өзгермейді: халықаралық қауымдастықтың көмегімен қауіптің бетін қайтарған соң әлемдегі азық-түлік дағдарысын алдын алу үшін Украина қолдан келгеннің бәрін жасайды" деді Украина басшысы.


БҰҰ Ресей Украина порттарын жауып тастап, бидай экспортына кедергі келтіріп отырғанын айтып; соның кесірінен әлемнің кейбір елінде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін деп дабыл қаққан.


Кремль Украина билігі порт жүретін теңіз жолдарына қойылған миналарын алмай отыр деп Киевті айыптаған.


24 ақпанда басталған соғыста Ресей алдымен Киевке шабуыл жасамақ болып, бұл жоспары жүзеге аспаған. Кейін Мәскеу әскери күшін Украинаның шығысына аттандырып, қазір Донбасс аймағын алуға тырысып жатыр.


https://dalanews.kz/del-qazir/78804-bolat-nazarbaevqa-ay-sayyn-300-myng-doll


https://dalanews.kz/saraptama/78536-respublikanyng-zhangartylgan-konstituc-2


Рекомендовать
Последние новости