Қайрат Сатыбалдының қолында не қалды?

Көркем Алдабергенова 19 авг. 2024 16:43 2096

Қазақстанда Қайрат Сатыбалдының қолында қандай кәсіптері қалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz shishkin.like телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалды 2018 жылы ең бай қазақстандықтар тізімінде болды. Forbes.kz оның байлығына - 163 миллион доллар деген баға берді. Қазіргі таңда экс-президенттің немере інісінің байлығы одан көп болғаны анықталды. 2,5 жылда Қайрат Сатыбалды мемлекетке 700 миллиард теңгені өз еркімен қайтарған. Одан бөлек, ол Алматыдағы екі ірі кәсібін, коммерциялық жылжымайтын мүлік, Астанадағы элиталы үйін, Дубай мен Франциядағы виллаларын, Мәскеу, Бодрум, Ыстамбұлдағы пәтерлерін, Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin автокөліктерін, сонымен қатар, эксклюзив әшекей бұйымдарын мемлекетке қайтарды.

Қазіргі таңда Сатыбалдыға тиесілі бірнеше кәсіп қана қалған. Мысалы ол «Қайрат» жеке халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы немесе тең құрылтайшысы. Adata.kz мәліметінше, қор 2015 жылы құрылғаннан кейін 28 миллион теңге салық төлеген. Оның 791 мың теңге салығы 2023 жылы төленген.

«Алатау Капитал Инвест» ЖШС - қордың активтер портфелін сенімгерлік басқаруға байланысты қызметпен айналысады. Компания 2016 жылы құрылып, жалпы 10,5 миллион теңге салық төлеген.  

«Амир LTD» ЖШС - сауда, құрылыс, көлік-экспедициялық қызметтермен айналысқан қазір компания таратылып жатыр.

"Ақ Орда "республикалық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі. Ұйым 19 жыл бұрын тіркелген, саяси өмірде белсенді  көзге түспеген және бір рет салық төлеген2017 жылы 14 мың теңге. Сатыбалдыдан басқа құрылтайшылардың ішінде тағы 9 адам бар. 

Еске салайық,Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығады. 16 тамызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының жазасын шектеу шарасына ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды. 

"Өскемен қаласының №2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қарады. Қайрат Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотталған өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талаптарын орындағанын атап көрсеткен", - деп жазды сот.


Рекомендовать
Последние новости