Қайрат Сатыбалдының меншігінде болған ғимарат Ұлттық университетке қайтарылды

Қаракөз Амантай 19 сент. 2024 17:10 2162

Қайрат Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілері мемлекетке берілгені хабарлаған болатын. Ішінде университетке берілгендері де бар, деп хабарлайды Dalanews.kz QAaz365-ке сілтеп .

Ол – Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын “Kaisar Tower” бизнес-орталығы. Нысан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар Т.Жүргенов атындағы “Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат осылай өткізілді.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайтарылған активтердің қолданылу барысын тұрақты негізде қадағаланатынын хабарлайды. Жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені қайтарды. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылған.


Рекомендовать
Последние новости