Экология министрі ШҚО-дағы орман шаруашылығының қызметін тексерді

Dalanews 14 сент. 2024 07:46 5414

ҚР Экология және табиғат ресурстары министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысына табиғат қорғау объектілері мен орман шаруашылығының қызметімен танысу мақсатында жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Dalanews.kz Altainews.kz- ке сілтеме жасап.

- Сапар барысында министр Пихта және Риддер орман шаруашылығы мекемелерінің қызметімен, сондай-ақ «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи резерватының» жұмысымен танысты, - делінген министрлік ақпаратында. - Ол орман өртін бақылау станциясын және өрт сөндіру техникаларын тексерді. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді орман пайдаланушысы болып табылатын «ЛЛПХ» ЖШС компаниясының жұмысын талқылады. Сапардың соңында министр «Кенес және К» ЖШС компаниясының қызметімен танысты.

Министр табиғи ресурстарды тиімді басқарудың, швед технологиялары негізінде жабық тамыр жүйесімен ағаш отырғызу материалдарын өсірудің және орман питомниктерін сәндік көгалдандыру үшін көшет өсіруге бағыттаудың маңыздылығын атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости