«Қайырымдылық сөресі». Ақмолалық волентерлердің жобасы көпшіліктің қолдауына ие болды

Dalanews 24 февр. 2023 04:52 1170

Бүгінде еліміз үшін волентер қызмет қоғамның маңызды бір бөлігіне айналғаны анық. Ерікті жастардан құралған қоғамдық ұйымдар қазір облыс орталықтарын былай қойғанда аудан, ауылдарда да жұмыс істеп, қоғамның алға жылжуына өз үлесін қосып келеді. Осы ретте Dalanews.kz сайты Ақмола облысында кеңінен танылған Lider.kz волентерлік ұйымының қызметі жайында жазуды жөн санап отыр.

Lider.kz волентерлік ұйымы Ақмола облысындағы жетекші қоғамдық ұйымдарды бірі десек болады. Облыс тұрғыданы ұйымның жұмысымен жақсы таныс.

Қоғамдық ұйым белсенділері алты жылдан бері тынымсыз жұмыс істеп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өңірде азаматтық қоғамды дамытып келеді.

Ұйым көшбасыларының бірі Олеся Баимова айтуынша, 6 жылда Lider.kz-тің волентерлеріне 6 мыңға жуық өтініш түсіп, еріктілер 5400 адамға қол ұшын созған.


–  Мен бала кезімінен айналамдағы жақандарым мен достарыма көмек көрсетуге дайын тұратынмын. Жұртқа көмек көрсету маған қатты ұнайтын-ды. Осы бала кездеге әдет мені Lider.kz волентерлік ұйымымен тығыз жұмыс істеуге себепкер болды.

Бұдан басқа қазақтардың қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуге әрқашанда дайын тұру менің волетнерлікпен айналысуыма ықпал еткені анық.

2016 жылы кіші қызыма аяғым ауыр еді. Сол кезде Астанада екі жасар кішкентай қыздың ұшты-күйлі жоғалғаны хабарды естіп, үйде отыра алмадым.

Ол кезде қазіргідей дереу іске кірісе кететін волентерлік ұйымдар жоқ еді. Бірақ қаршадай қызды іздеуге Астана мен қала маңындағы елдімекендерден көптеген адамдар қатысты.

Осылайша екі жасар қызды 10 күн бойы іздедеп, өзен бойынан әрең дегенде тапқан едік.

Сол кезден бастап біздің Lider.kz волентерлік ұйымының чаты пайда болды. Міне, содан бері аттай 6 жыл өтті. Осы уақыт аралығында адасып қалған талай баланы тауып, ата-анасымен қауыштырдық.

Осыдан кейін біздер Қазақстан бойынша жоғалған адамдарды іздейтін Lider.kz волентерлік ұйымын құрдық. Қазіргі таңда ұйымымыз табысты жұмыс істеуде, – деп Олеся Баимова волентерлік ұйымның қалай құрылғанын айтып берді.

Бүгінде Lider.kz волентерлік ұйымына еліміздің өзге 50 қаласынан еріктілердің басын қосып отыр. Осылайша ұйымға мүше волентерлердің саны алты жылда 5 мыңнан асқан.


Lider.kz волентерлік ұйымы қанатын кеңге жайғаннан кейін оның атқаратын іс-шаралары да кеңейе түскені белегілі. Бүгінде волентерлік ұйым қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіп тұруды дәстүрге айналдырған.

«Ең алған қайырымдылық шарасын ұйымдастырғанымызда Бурабай ауданындағы 250 балаға қол көмек көрсеткенбіз» дейді Олеся.

Бұдан басқа Lider.kz волентерлік ұйымы көмекке мұқтаж жандарға да қол ұшын созып келеді. Осы ретте ұйым ұйытқы болған «Қайырымдылық сөресі» деп аталатын жобасы сәтті жүзеге аспы, Ақмола облысында үлкен қолдауға ие болғанын айрықша атап айтуға болады. Аталған жоба аясында азық-түлікке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілуде.

Ұйымның бұл жобасына өңірдегі кәсіпкерлер де айрықша қолдау көрсетуде. Қазіргі таңда мұндай «қайырымдылық сөрелері» Ақмола облысының өзге өңірлерінде де ашылып, тұрмысы төмен жандарға қолдау көрсетуде.

Кәсіпкерлер ұйымның бұл бағыттағы жұмыстары жандана түсуі үшін өздерінің дүкендерінің ішінен арнайы орын бөліп, халықтан азық-түлік пен түрлі киімдер жиауға жәрдемдескен.

Осылайша Lider.kz волентерлік ұйымының жұмысы Ақмола облысы тұрғындарының көңілінен шығып, халықтың ықыласына бөленуде.

Пандемия кезінде Lider.kz волентерлік ұйымының қызметіне халық арасында сұраныс арта түскен. Бұл турасында Олеся Баимова былайша баяндап берді:

– Пандемия кезінде еліміздегі кәсіпорындар жұмысын тоқтатып, халық үйінен шыға алмай қалды. Көптеген адамдар жұмысынан айырылып, күнделікті азық-түлікке деген мұқтаждық артты.

Алғашқы кезде өз арамызда ақша жинап, халыққа көмекке көрсетуге тура келді. Кейіннен бізге кәсіпкерлер қосылды.

Пандемия өршіген екі айда біздің ұйым 9 млн теңге жинап, оның бәріне азық-түлік алып, мұқтаж жандарға таратып бердік. Осылайша бір ғана Бурабай ауданында 600 отбасын азық-түлікпен қамтығанымызды мақтанышпен айта аламын, – дейді Олеся Баимова.

Иә, айтса айтқандай пандемия кезінде халық қатты қиналды. Тұтас елдің басына түскен нәбетті еңсеруде волентерлердің көп көмегі тигенін бәріміз білеміз.

Lider.kz волентерлік ұйымының көшбасшысы Олеся Баимова қоғамдық ұйымның жұмысын сәтті жүргізіп, мол тәжірибе жинағаны белгілі.

Пандемия кезінде Олесяның осы бағыттағы бай тәжірибесін Ақмола облысы бойынша Қоғамдық бақылау және моиторинг республикалық қоғамдық бірлестігі де пайдасын тигізді.

Сол кезде Олеся аталған бірлестіктің Ақмола облысы бойынша филиалының жетекшісі қызметін атқарып, өзіне тапсырылған істі асқан жауапкершілікпен атқарған.

– Пандемия кезінде біздер гуманитарлық көмектің діттеген жеріне жетуі мен  ковид орталықтардың жұмысына күн сайын мониторинг жасадық.


Ал карантин басталып, жұрттың жүріп-тұруына шектелгенде, жергілікті билік орындары біздің ел ішіне баруымызға рұқсат етті.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, халыққа қажетті дәрі-дірмекті, маскаларды блок постардан қабылдап алып, аудан-аулдарға тарттық. Өз басым пандемия еліміздегі волентерлік қызметті жаңа сапаға көтерді деп нық сеніммен айта аламын, – дейді Олеся.

Пандемия еліміздегі волентерлік ұйымдар үшін үлкен сынақ болғаны сөзсіз. Десек те Lider.kz секілді волентерлік ұйымдар бұл бағыттағы жұмыстарды қамшы салдырмай атқарып, жұрттың алғысына ие болды.

Жазып алған Айнұр Жұмахан    

 

Рекомендовать
Последние новости