Қарин Ұлттық арна басшылығына келді

Dalanews 09 февр. 2017 14:32 951

Мемлекет және қоғам қайраткері, Ерлан Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ерлан Тынымбайұлы бұл қызметке Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге, соңғы жылдары қатты әлсіреп қалған мемлекеттік ақпараттық идеологиялық бағытты қалпына келтіруге және стратегиялық маңызы зор жұмысты атқару үшін Елбасының шешімімен тағайындалды.
Ерлан Тынымбайұлының осы қызметке тағайындалғанын Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Бүгін «Қазақстан» РТР­К» АҚ ұжымына жаңа ба­сшы – Ерлан Қаринді т­аныстырдым. Ерлан Тынымбайұлы біл­ікті саясаттанушы, ид­еолог, еліміздің шына­йы патриоты ретінде к­өпшілікке жақсы таныс­ екеніне еш күмәнім ж­оқ. Ендігі жерде оған елі­міздегі ең ірі медиа ­құрылымның жұмысын од­ан әрі дамыту тапсыры­лып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұғ­ан дейінгі іргелі шар­аларды одан әрі жалға­стырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтеред­і деп сенемін», – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл Телерадиокорпорация және оның құрамына кіретін ақпараттық агенттіктер мемлекеттік саясатты құрайды әрі мемлекеттік саясатты насихаттайды. «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорация құрамына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» телеарнасы, «Балапан» телеарнасы, «Мәдениет» телеарнасы, Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосын және де аймақтық телерадиокомпаниялар кіреді. Ол Қазақстандағы және аймақтағы ең ірі Телерадиокорпорация болып табылады.
Ерлан Тынымбайұлы Қарин – мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым.

2014 жылдың 16 қазан күнінен бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарған. Айта кетер болсақ, Ерлан Тынымбайұлы басшылыққа келгеннен кейін, ҚСЗИ – әлемнің 6 мыңнан астам сараптамалық институттары мен орталықтарының ішінде үздік 150-ге кірді. Осыған дейін, бұл телерадиокорпарацияны менеджерлер мен кадрлық журналисттер басқарған болатын. Телерадиокорпорация басшылығына тұңғыш рет саяси қайраткер тағайындалып жатыр.
Дереккөз: Қамшы порталы

Рекомендовать
Последние новости