Алакөзовтың қызы: "Әкем ажырасқан жоқ"

Dalanews 09 февр. 2017 11:48 1029

Баян Есентаеваның екінші рет бас қоспақ ойы бар адамы — Тұрсынғали Алакөзовтың қызы Әмина баспасөзге мін тағып, мәлімдеме жасады.



Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.



Әмина Алакөзованың айтуынша, соңғы кездері қоғамда оның және отбасының өміріне қызығушылық күрт артқан. Ол еліміздегі бір басылымда өзі және Баян Есентаеваның қызы туралы негізсіз мақала жарияланғанын айтады. Ондағы дәйектердің шындыққа еш сәйкес келмейтінін айғақтаған ол жалпы баспасөзден отбасына қатысты негізсіз фактілерді жарияламауды талап етеді.

Алакөзовтың қызы тіпті ата-анасының бүгіндері ажыраспағынын да нақтылады. Сондықтан ол баспасөздерге осы ретте ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермейді деп үміт артатынын ескертеді.

Айта кетелік, алдында баспасөзге Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алакөзовтың үйленгелі жатқаны белгілі болған. Олар бұл туралы бірігіп мәлім еткен еді. Ал жуырдағы 31 телеарнаның тікелей эфирінде сұқбат берген Баян Есентаева тойының көктемге жоспарланып отырғанын, тіпті күйеуінің тегіне көшуге дайын екендігін де мәлімдеген. Өз кезегінде Алакөзов өзінің әйелімен ажырасып жатқанын, ажырасу процесі біршама уақыт алатынын да айтып еді.

 


Рекомендовать
Последние новости