“Қарумен қатар күректі де ұстай аламын”. "Тоқаевтың күзетшісі" көпшіліктің сынына жауап берді

Қаракөз Амантай 09 февр. 2024 21:05 5575

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жұмысына күмәнмен қарайтын БАҚ өкілдерінің сынына жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Сіз 18 жыл бойы күзет қызметінде жұмыс істеп, қолыңызға қару ұстадыңыз. Енді Төтенше жағдайлар министрлігінде қолыңызға күрек ұстауға тура келеді. Себебі облыс өңірлерін көктемде су басу қаупі бар. Сол мәселені шешуге дайынсыз ба?! Бұған дейін осы салада істеген министрлердің қолынан келмеген жұмысты дөңгелетіп алып кете аласыз ба?” - деп сұрады журналист.

Министр бұл сұраққа қысқаша жауап берді.

“Қарумен қатар күректі де ұстадық. Басқа да құралдардан хабарамыз бар. Сондықтан ол жағынан тәжірибелімін деп айта аламын. Ең бастысы – жұмыстың бәрін өз уақытында ұйымдастыру. Дайындығымызды іс жүзінде көрерсіздер. Сын болса, сол кезде айтасыздар”, - деді Шыңғыс Әрінов.

 

Еске салайық, 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметін атқарды.

Сонымен қатар шенеунікке 2022 жылдың мамыр айында "ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры" арнайы атағы берілді.


Рекомендовать
Последние новости