Qarmet-те тонаумен айналысқандар ұсталды

Көркем Алдабергенова 25 июл. 2024 09:13 19724

Qarmet-те тонаумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігі жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Qarmet" АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды.

Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырғаны анықталды. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

"Бұдан басқа, "Qarmet" АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


Рекомендовать
Последние новости