Қаржы вице-министрі еліміздегі триатлон федерациясының тізгінін ұстады

Кәмшат Тілеухан 23 апр. 2025 15:50 471

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Біржанов бұған дейін осы қоғамдық бірлестіктің бірінші вице-президенті қызметін атқарып келген.

Бұрынғы басшы Дәурен Әділбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп нақтылайды министрлік.

Біржанов 1979 жылы дүниеге келген.  Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында "Экономика және менеджмент" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша білім алған. ҚАЗМЗУ-да және Швейцариядағы Бизнес және халықаралық зерттеулер университетінде (UBIS) МВА дәрежесін алған. Қаржы министрлігінде, Президент Әкімшілігінде, ҰҚК-да жұмыс істеген. Қаржы вице-министрі лауазымына 2022 жылы шілдеде тағайындалған.


Рекомендовать
Последние новости