Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Kaspi-ге қатысты мәлімдеме жасады

Dalanews 24 сент. 2024 12:06 2818

Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Kaspi-ге қатысты мәлімдеме жасады. Естеріңізде болса, бұған дейін Culper Reserch зерттеуінен кейін Kaspi акциялары құлдырағанын жазған едік. Бұл сынға финтех-компания басшысы да жауап берген. Енді агенттіктің ресми мәлімдемесін назарыңызға ұсынамыз.

«Kaspi — еліміздегі жүйелі әрі тұрақты дамып келе жатқан банктердің бірі. Банктің ашықтық деңгейі де жоғары. 2024 жылғы қыркүйектегі жағдайға қарасақ, Kaspi актив мөлшері, кредит пен банк секторындағы депозит базасы көлемі бойынша екінші орында тұр. АҚШ, Еуроодақ және басқа да шет мемлекеттердің санциялық режимін толық сақтап келеді. KYC, risk management және деңгейі жоғары комплаенс-тәуекел орерацияларына қатысты ішкі бақылауды дұрыс жүргізу үшін тұрақты түрде АҚШ пен Еуроодақтағы корреспондент-банктермен серіктесіп жұмыс істейді» деп айтылды мәлімдемеде.

Сонымен бірге Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктің клиенттерді тереңдетіп тексеру, транзакцияларға мониториң жасау және қызметкерлерді оқыту деген сыңайлы әрекеттер арқылы тәуекелдерді барынша азайтып, қажет комплаенс-процедуралар жасап отыратынын айтып отыр.

Бұған дейін агенттік екінші деңгейлі банктерде клиенттерді тексеру мен олардың операцияларына KYC стандартына сай мониториң жүргізуге қатысты талап күшейтілген еді. Одан қала берді банктердің шетелдік клиенттерін тексеріп, олардың санкцияны айналып өту үшін банк қызметтерін пайдаланып жүрмегеніне көз жеткізетін мониториң жасау керек деген талап та бар.


Рекомендовать
Последние новости