Қарағандыда шенділер жоқ жолды жөндеуге 328 млн жұмсамақ болған

Сағыныш Сардарова 29 янв. 2024 13:22 2124


Қарағандыда шын мәнінде жоқ жолды жөндеуге 328 миллион теңге бөлінбек болған,- деп хабарлайды Dalanews.kz.


Ақтоғай ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша ауданның іс жүзінде жоқ "Ақжарық-Аппаз" тасжолын жөндеуге ашық конкурсы өтпей қалған. Өйткені шын мәнінде бұл учаскеде жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкілетті органдардың балансында ешқандай жол жоқ болып шыққан.


Заң бойынша жөндеу жұмыстары қолданыстағы тасжолда жүргізілуі керек. Ол нормаға сәйкес құжаттама бойынша жүзеге асырылады. Жергілікті экономика бөлімі бұл норманы елемей, құрылыс жобасы жоқ жаңа тасжол салуға әрекеттенген. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №46 бұйрығымен бекітілген "Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің" тізбесіне енгізілген.


Осыған қарамастан, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарландыру ашық конкурс арқылы орналастырылған. Ақтоғай ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды.



Рекомендовать
Последние новости