Қарағанды облысында қауіпті қылмыстық топтың белсенді 10 мүшесі ұсталды

Сағыныш Сардарова 01 апр. 2024 09:32 2140

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды.

Жәбірленушілер - "Қармет" АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері. Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған.

"Олар ұрып-соғып, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан. Топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтіні хабарланды.

 


Рекомендовать
Последние новости