Тәртіп сақшысы су басқан ауылға тегін нан жеткізді

Жарбол Кентұлы 30 мар. 2024 14:53 4016

Учаскелік полиция инспекторы Дархан Тұрғанов ауылдастары «Мейірімді жүрегі бар адам» деп атайды.

Күні кеше ғана ол Арқалықтан 48 шақырым жерде орналасқан Үштөбе ауылының тұрғындарына тегін нан таратты. Су тасқыны салдарынан бұл бағытта жол жүру қиындаған болатын.

Осыдан кейін учаскелік полиция инспекторы Восточный ауылының наубайханасынан 50 нан сатып алып, досымнан "Нивасын" алып, Үштөбе ауылына нан апаруға шешім қабылдаған.

Дархан Тұрғанов үштөбіліктер тегін ыстық нан апаратынын ватсаптағы жалпы чатта хабарлаған. Осылайша ыстық нан ауыл тұрғындарына дер кезінде жеткізілген. Өз кезегінде ауыл тұрғындары «Дархан жарайсың!», «Алла разы болсын!», «Көмегін үшін рақмет!» деп ақ тілектерін жаудырды.  

Арқалық полициясы мұндай көмекті үнемі жүргізуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Дархан Тұрғанов далада үш күн бойы боранда жоғалып кеткен малшыны тапқан болатын.


Рекомендовать
Последние новости