Қарағанды облысында пойыз шұғыл тоқтап, салдарынан жолаушылар зардап шекті,деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 24 тамызда сағат 21:38-де Қызылжар-Түйемойнақ аралығында (Жарық - Жезқазған учаскесі) болған. №107 Жезқазған-Астана жолаушылар пойызының машинисі кедергіге 300 метр қалғанда жүк вагонын байқап, тежегішті шұғыл басқан.
"Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар жеңіл жарақат алды. Пойыз 23:14-те сапарын жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотив зақымданған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
ҚТЖ мәліметінше, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Мән-жайды анықтау үшін басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына жеткен.