"Қаңтар" оқиғасында бөлімшеге жеткізілгендерді азаптаған полицей сотталды

Көркем Алдабергенова 13 нояб. 2024 11:27 1869

«Қаңтар» оқиғасы бойынша жеткізілгенді азаптаған полиция қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, кінәні мойындау туралы процестіккелісімінің негізінде «қаңтар» оқиғаларыкезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді.

Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, биыл мамырда Қаңтардағы азаптау дерегі бойынша жоғары шенді полицей ұсталған болатын. 

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылғы қаңтарда Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков ұсталған.

Прокуратура ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.

Orda.kz мәліметінше, Әбілбеков қаңтар оқиғасы кезінде соққыға жығылған қырғыз джазмені Викрам Рузахуновтың арызынан кейін ұсталған.

"Дәрігерлер оның көптеген жарақаты бар екенін анықтады. Экс-басшының тұтқындалуы Рузахуновтың азаптау ісіне байланысты. Мұны Рузухуновтың адвокаты Рена Керимова растады", - деп жазылған басылым мәліметінде.


Рекомендовать
Последние новости