Қандастарға тіл тигізген Павлодар тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Dalanews 03 мая 2023 06:29 809

Атажұртына қоныс аударған қазақтарды балағаттаған павлодарлық тұрғын ұлтаралық жанжал туғызғаны үшін жауапқа тартылады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Павлодар облысының полициясы әлеуметтік желіге Настя Бровка есімімен тіркелген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғады.

1 мамыр Бірлік күні тараған видеода Павлодар тұрғыны облысқа қоныстанып жатқан қандастарға тіл тигізіп, шовинистік пікір білдірген. Сонымен қатар Павлодар атауын ауыстыруға қарсы екенін айтып, былапыт сөздерді араластыра сөйлеген еді.

“1 мамырда Instagram желісіндегі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында @nastya_brovkapvl парақшасында бойжеткен әлеуметтік желіде балағат сөздер айтып, Моңғол Халық Республикасынан келген кандастар туралы теріс сөздер айтқан видео жариялаған.

Бұл дерек Павлодар қаласы ПП Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушы анықталды. Ол 27 жастағы павлодарлық әйел болып шықты.

Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Қажетті сараптама тағайындалды”, – деп мәлімдеді осы орайда Павлодар облысының полиция департаментінің (ПБ) бастығы Василий Скляр сәрсенбіде.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

“Материал сотта қаралып, құқық бұзушыға 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды”, – деп алып қосты Скляр.

 

https://dalanews.kz/bas-takyryp/88478-zhanga-qazaqstannyng-oz-ayes-i-boluy-kerek

https://dalanews.kz/kogam/88910-qaisar-askeri-patriottyq-oyyndarynyng-aq

Рекомендовать
Последние новости