Қажыгелдин

Dalanews 17 мая 2015 10:59 787

Ол Үкіметбасы болғанда анасы қатты қуанған. Әкесі ештеңе демеген.  Аздан соң ғана: «Әй, Әкежан, Абай есіңде ме? Тәкежанның болыс болғанын естігенде жер шұқып отырып қалған. Сонда Абайдан неге қуанбағанын сұрағанда, ертең болыстықтан түскенде Тәкежанның күні не болады» деп уайымдаған ақынның күйін енді мен кешіп отырмын. Сен өмірбақи Премьер болмайсың. Сондықтан да әзірден бастап қызметтен таза кетеріңді ойла» депті.

Akejan i NazerШенеуніктер оны «находка Назарбаева» деп атаған. Бір кездері...

1994 жыл. Қазан айы. Терещенко жетекшілік ететін Министрлер кабинеті түгелдей орынтағын босатты.  Оның орнына 42 жастағы Әкежан Қажыгелдин тағайындалды. Қажыгелдин Үкіметке не үшін келді?

 Әуелде...




 

Бұл уақ инфляцияның айлық көлемі 45 пайызға жеткен тұрмысы ауыр тұс. Бір кездері «қызыл империяның» қол астында болған елдердің экономикалық байланысы толық үзілген.

Ол кезде көп нәрсе Президентке ғана емес, сонымен бірге Үкіметке де байланысты...

1993 жыл. Желтоқсан. Көпшілікке беймәлім Әкежан Қажыгелдин Семей облысы әкімінің бірінші орынбасарлығынан Премьер-министрдің экономикалық блокқа жауап беретін бірінші орынбасары қызметіне өсті.

Ол нені байқады? Келген бойда бірнәрсеге көңіл толмастық білдіріпті. Толық тоқырауда қалған Қазақстанда тығырықтан шығаратын бағдарлама әлі жоқ. Қазіргі ел аузында жүрген  ең алғашқы дағдарыстан шығудың бағдарламасын әзірлеген дәл осы Әкежан деседі.

1 жыл 3 айға арналған бағдарламаны («15 айлық» бағдарламасы) Президент те және сол кездері әжептәуір пәрмені бар Парламент те қолдайды.

Бірақ, нәтижесі шамалы болады. Инфляция 40-45 пайыздан түспей тұрып алыпты. Назарбаевтың «жаңа үкімет жасақтау керек» дейтін тұсы осы кез.

Қажыгелдинді Премьер-министрлік орынтаққа отырғызғанда Назарбаев бір-ақ ауыз сөз айтқан. «Ол қалталы қазақ». Мұнымен не дегісі келді екен?..

«Қалталы қазақ» қызметіне кіріскеннен кейін көп ұзамай  бизнесмендерге тауарды өткізу үшін квота, лицензия алуды жою туралы қаулыға қол қояды. Өстіп бизнестің мойнындағы кісенді алады.

Ол реформатор ма?




 

Akejan_3«Шетел инвестициясынан қашпайық» деп алғаш бастамаға көтерген осы Қажыгелдин дейді.  Әкежан Үкімет басқарған тұста Қазақстанға алыс-жақын елден 1 млрд. доллар жұмыс капиталы, 500 млн. доллар инвестиция келген.

Инвестиция әкелуді, шетелден несие алуды бастап берген Терещенко-тұғын. Бірақ, ол артық қылам деп, тыртық қылғанын кеш аңдаған. Қаржыны жекелеген компаниялар Үкімет кепілдігімен алған. Қайтармаған. Бар ауыртпалық айналып келіп жаңа Үкіметтің мойнына түскен. Қажыгелдин Үкіметтік кепілдік дегеннің көзін құртады.

Үйреншікті көршімізбен экономикалық байланыстарды қожыратпауға мүдделі болғандардың бірі осы – Қажыгелдин.  «Ресеймен интеграциялансақ ұтылмаймыз» деген ұстынды ұстаныпты. «Ең бірінші бізге Батыс емес, орыс капиталы керек» дейтін де сол. «КСРО-ның құрдымға кеткенін түсінетін кез келді» депті бір сөзінде.

Бірақ, мұның бәрі ертеректе айтылған. Билікте жүрген кезде. Одан бері көп нәрсе өзгерді. Ресейге қатысты қазір не ойлайды екен? «Егемендіктің» жаңа түсініктері мен өлшемдерін қалыптастырып отырған Кремльден әлі де қауіп жоқ деп ойлай ма?

Теріскей көршімен келіссөз жүрсе Қазақстаннан барғандар божырап, білгенінен жаңылып, бізге тиімсіз келісімшартқа қол қойып қайтады деген әңгімелер Кеден Одағына кіргелі бері аракідік айтылып жүр.  Принципшілдік... Сол жетпейтін сияқты.

1995 жылы Қарашығанақ  мұнай-газ кенін игеру жөнінде «Аджип», «Бритиш газ» сияқты шетелдік компаниялар өз жобаларын жолдапты. Газ Ресей жеріндегі құбыр арқылы өтетіндіктен келіссөзге Газпром да араласқан. Міне, сол келіссөздер Қажыгелдиннің арқасында Қазақстанның пайдасына шешілген деседі. Алпауыт компаниялар Қазақстанның газ игеруден түскен пайданың 85 пайызын алатынына амалсыз көніпті...

Қазақстан экономикасын терең дағдарыстан алып шыққан бірден-бір тұлға дейді оны.
Сол кездері Әкежанмен істес болғандар айтады:  «Кәсіпорын, зауыт  100 пайыз жекенің қолына өткен жоқ. Әр өндіріс орнының 25-тен 35 пайызға дейінгі акциялары Үкіметтің қолында қалды. Оны кейін өзіміздің отандық бизнесмендер ауқаттанған кезде соларға сату үшін қалдырды. Бұл да Әкежанның идеясы еді.  Бірақ, ол бастап берген істі кейін Қазақстан билігі бүлдірді. Зауыт, кәсіпорынды тамыр-танысына таратып жіберді».

Бүгінгі Қазақстан экономикасының жетістіктері ол жасап кеткен реформаның нәтижесі екен.

Бұл бірінші кезекте банк, зейнетақы реформасы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жекешелендіру...

Жекешелендірудің жыры көп  болды.  Бірақ, ол кездері бұдан басқа жол болды ма?

Өндіріс орындарының бәрі жантайып жатты. Олар әлемдік рынокқа шықпай қалды. Оларды реформалаудың жалғыз жолы  –  жекешелендіру екенін жалғыз Қажыгелдин ғана білмесе керек.

Ол кездері биржалық тауарлар есебіндегі Қарметкомбинаттың, Ақтөбе ферроқорытпа, Өскемендегі металлургия, Павлодардағы алюминий зауыттарының өнімі әлемдік нарыққа шығатын. Сол үрдіс тоқтап қалады.

Қазақстанның өз ішінде оны тұтыну да, өндіру де шамалы болар еді. Ақыр аяғы көптеген кәсіпорын (50-ге жақын әрі өте арзан бағаға) жекеге берілді.

Сол кездері Әкежанмен істес болғандар айтады:  «Кәсіпорын, зауыт  100 пайыз жекенің қолына өткен жоқ. Әр өндіріс орнының 25-тен 35 пайызға дейінгі акциялары Үкіметтің қолында қалды. Оны кейін өзіміздің отандық бизнесмендер ауқаттанған кезде соларға сату үшін қалдырды. Бұл да Әкежанның идеясы еді.  Бірақ, ол бастап берген істі кейін Қазақстан билігі бүлдірді. Зауыт, кәсіпорынды тамыр-танысына таратып жіберді».

Бұл енді басқа әңгіме.

Қазақстанға Қажыгелдин керек пе?




 

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Саяси реформалар тұсында Қажыгелдин Қазақстанға қайтуы мүмкін деп жатыр.

Ол елге қандай мәнде оралады? Қажыгелдин сияқты маман Қазақстан үшін шашылып жатқан жоқ деген тұрғыдан келсек ше? Бірақ, билік мұндай қадамға бара ма?

1998 жылдың 3 қарашасында Қажыгелдин Қазақстаннан кетті.  Содан бері ол эмиграцияда.  Биылғы жылдың 3 қарашасында 17 жыл толады.

Әзіргі Қазақстанның айналасында күрделі геосаяси жағдай қалыптасқан тұста әлемдік нарықтан хабары бар, мықты маман, мықты келіссөз жүргізуші ретінде Қазақстан оны қайтадан өз игілігіне жұмыс істеуі үшін елге қайтаруы қажет дейтіндер көп.

Бұған келісу үшін ең алдымен: «Қазіргі Үкіметте Қазақстан нарығын әлемдік экономика  деңгейінде бағалай алатын мықты макроэкономист мамандар бар ма?» деген сауалға жауап іздеу керек.  Шынымен де, қазіргі министрлердің қайсысы Қажыгелдиннің қолына су құюға жарайды екен?

Анығы, әзіргі билікке экономикалық жағдайды масштабты тұрғыда көре білетін, панорамды тұрғыда бағалай алатын маман керек-ақ. Бұл Қажыгелдин болуы мүмкін бе?

Тағы сол Әкежанмен істес болғандар айтады: «Келіп жатса да оған Премьерлік орынтақты ешкім ұсынбайды. Бұл орынға таласы да жоқ. Мысалға, Еуразиялық одақтың келіссөз комиссиясын басқарса Ресейден ұтылмас едік. Мұндай алпауытпен тең дәрежеде сөйлесетін, екі ортадағы құжаттарды көлденеңінен оқыса да түсінетін бірден-бір маман – Әкежан. Назарбаев «саяси  реформа жүргізем» деді. Егер Қазақстан сол реформаны жүргізуге шынында да мүдделі болса, оны нақты жүзеге асыратын мықты мамандар керек. Осы тұрғыда Қажыгелдиннің қажеттілік қағидасы тағы туындайды».

Ол – білімдар, ол – білікті, ол – кәсіби дейді. Ендеше мұны пайдалану керек шығар.  Бұл Гарвардты бітіре сала пайда болмайтын, жылдармен қалыптасатын қасиет.

Ағылшын экономика мектебі оған атақты Адам Смиттің атындағы «Жыл реформаторы» медалін табыстаған екен.  90-шы жылдары Қазақстандағы экономикалық реформаларға бастамашы болғаны үшін...  Қазақстаннан кеткенде Еуропарламент оған «еркіндік төлқұжатын» ұсынған. Осы арқылы ол әлемнің кез-келген еліне бара алады. Мұны Қажыгелдиннің біліктілігіне қандай да бір қатысы бар деп айта алмаймыз, алайда мұндай төлқұжатты Қазақстандағы бірде-бір адам алмағанын ескерсек, тегін болмағаны.

Ол әзір қайда, не істеп жүр?

Білуімізше,  биржамен айналысады. Қор нарығы арқылы жұмыс істейді. Оның капиталы да, бизнесі де осында. Лондон, Стамбұл, Йоханнесбург, Сингапур сияқты қор биржаларының ойыншысы.

Екіншіден, ол көп елдердің халықаралық экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі.  Мысалы, бір кездері ресейлік «Лукойл» компаниясының кеңесшісі болды. Кеңесші болғанда кеңседе отыратын емес... Сол «Лукойлдың» Еуропадағы келіссөздерінде эксперттік баға беретін адам. «Бірақ, бұл оның бір ғана жұмысы емес», – дейді білетіндер.

Компаниялар ғана емес, мемлекеттер де оның ақыл-кеңесіне мұхтаж. Ол Аргентинада тұтас елдің Үкіметіне кеңесші болды. Олардың белгілі бір экономикалық қадамына байланысты әлемдік нарық тұрғысында ақыл-кеңес айтты.

Ол отставкаға кеткенде Ресей үкіметі  жұмысқа шақырыпты, Түркия Премьер-министрі Тансу Чиллерде Қажыгелдиннің көмегі артық етпесін айтқан. Басқа да ұсыныстар түскені анық. Бірақ, ол бас тартты. Бәлкім, өзінің саяси репутациясына дақ түсіргісі келмеді ме екен.

Қалай болғанда да Қажыгелдиннің қол қусырып жатпағаны анық. Соңғы сұхбаттарына қарағанда Қазақстаннан сыртқа шығарылған ақшаны (орысша айтқанда «отмывать» етілген) іздеумен айналысып жүр. Өзінің консалтингілік компаниясы арқылы марқұм Рахат Әлиевтің, одан басқалардың сыртқа әкеткен ірі-ірі капиталдарын іздестіруде екен...

Думан БЫҚАЙ


KAZHEGELDIN_Akezhan_1Әкежан айтыпты...

Бір адамның айтқаны ылғи ақиқат бола бермейді. Шындық тек пікірталаста туады.

...

Мен, қара басым халықтың қазынасына түсетіндей ақымақ емеспін. Мен ауқатты адаммын. Бірақ,  барлық байлығымның қалай пайда болғанын есептеп беруге аса қинала қоймаспын.

...

Тәуелсіздік үшін күрескен жоқпыз. Сәбет үкіметінің территориясында революция болды, оның арты дезинтеграцияға ұласты. Нақты күрескен – Балтық елдері. Өзгелері бұған дайын емес еді. Саяси элита әбден састы. Қайтеміз, қайда барамыз? Олар ештеңе білмейтін. Бұл командалық экономика, командалық-әкімшілік жүйе болды. Олар ешқашан да бағдарлама, стратегия әзірлеп көрген жоқ. Бәрі де Мәскеуге жалтақтаумен болды...

...

Ол тұстары Назарбаев өзіне жауапкершілік ала білетін. Белгілі бір дүниені мойнына алса оны атқара алатын адам. Оның бір жақсы қасиеті: егер бір үкіметпен істес болып, оған нақты сенім артса ендеше одан айырылмайды. Кей кездері бұл оның өзіне кері соққы болады, дегенмен бұл жақсы қасиет. Үкіметті жүз алмастырғаннан жөн емес.

...

Қазір «совок» деген жаргон шықты. «Совет адамы» дегенді білдіреді. Егер маған біреу «сен совоксың» десе тіпті де ренжімеймін. Мен айтамын: «Иә, мен совокпын». Себебі, ол да – совок.
1994-1997 жылдың аралығында Премьер болған Қажыгелдиннің министрлер кабинетінде кімдер болды?Ел танитындарын електен өткіздік.

 Премьер министрдің орынбасарлары:

Ахметжан Есімов (1994-97 ж.), Иманғали Тасмағамбетов  (1995 -97ж. ), Жәнібек Кәрібжанов (1996-97ж.), Өмірзақ Шөкеев (1997 ж., шілде-қазан).

Министрлер:

Өмірзақ ШөкеевЭкономика министрі (1995-97 ж.).

Виктор ХрапуновЭнергетика және көмір өнеркәсібі (1995-97 ж.)

Қасымжомарт ТоқаевСыртқы істер министрі (1994-97 ж).

Владимир ШкольникҒылым және жаңа технология (1994-96 ж.)

Нұрлан БалғымбаевМұнай және газ өндірісі министрі (1994-97 ж.)

Алтынбек СәрсенбаевБұқаралық ақпарат ісінің Ұлттық агенттігі (1995-97 ж.)

Бірғаным ӘйтімоваЖастар министрі (1994-96 ж.)

 

Рекомендовать
Последние новости