Қадырхан Төлепбергенов: "Келер жылы Кентау, Бүргем, Хантағыға газ беріледі"

Dalanews 11 дек. 2018 05:06 747

Бұлай деп Кентау қалалық энергетика және ТҮКШ, ЖТ және АЖ бөлімінің басшысы Қадырхан Төлепбергенов мәлімдеді. 



Кентау қаласы мен оның төңірегіндегі елдімекендерді табиғи газбен қамтуда атқарылған және жоспарлы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырының 1280 шақырымында автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталды.

Жобалық-сметалық құны  4 млрд. 29 млн. теңгеге бағаланған  нысанды  жеңімпаз  мердігер  компания 3 млрд. 849 теңгеге салып біткен. 2015 жылы бастауын алған құрылыс  осылайша  екі жылда аяқталған. Құрылыс барысында 53 шақырымды құрайтын магистралды жүйе салынып, мемлекеттік қабылдаудан өтті.

Қадырхан Төлепбергенов, Кентау қалалық энергетика және ТҮКШ, ЖТ және АЖ бөлімінің басшысы:

«Кентау қаласының аумағында қазіргі таңда газдандыру (сақиналау) жұмыстары жүргізілуде. Яғни, көше жолдары қазылып, пластикалық құбырлар  орналастырылуда. Хантағы ауылын газдандыруға облыс бюджеттен 30 млн. теңге  бөлінді.  Кентау мен Хантағыға газ  бір-екі жылда беріліп қалады».

Қазір келіп тұрған газды   үйме -үйге  табиғи газды  жеткізетін  көшелерге   газ тарату қосалқы  құрылғыларын орнықтыру  шаралары атқарылуда. Сондай-ақ, Қарнақ, Құшата және Байылдырды газдандыруға жобалық- сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Кентау, Бүргем, Хантағыға газ 2019-20 жылы берілсе, қалған ауылдар тағы бір жылдан кейін көгілдір отынға қол жеткізеді.

Рекомендовать
Последние новости