"Путиннен маза кетті...". Жапония Ресейге қатысты стратегиясын түбегейлі өзгертті

Dalanews 16 янв. 2023 11:37 858

Токио мен Мәскеу арасындағы саяси қарым-қатынас іс жүзінде тоқтатылды деп жазады DALAINSIDE телеграм арнасы.

Тарихқа көз жүгіртсек, Жапония мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынас екінші дүниежүзілік соғыс кезінен-ақ шиеленісе бастады.

Екі ел соғыстан кейін де Кунашир, Шикотан, Итуруп және Хабомаи аралдарына қатысты бейбіт келісім-шарт жасасқан жоқ.

Алайда, 1956 жылы КСРО мен Жапония біріккен декларацияға қол қойып, Мәскеу Хабомаи және Шикотан аралдарын Жапонияға беру мүмкіндігін қарастыруға келіседі. Ал қалған екі аралдың тағдыры туралы әлі күнге сөз болған жоқ.

Бұл арал дауы қазір де өршіп тұр. 2018 жылдың қараша айында Сингапурдағы Путин мен Абэ кездесуінен кейін қайта жанданды.

Жапония 2022 жылдың наурыз айынан бастап Оңтүстік Куриль аралдарының егемендігін қалпына келтіруге бар күшін салуға шешім қабылдауға кірісті.


Украина Қарулы күштерінің ұрыс даласындағы алғашқы жетістіктерінен кейін Жапония Сыртқы істер министрлігі «Дипломатияның көгілдір кітабын» шығарды деп жазады осы орайда Dalainside телеграм арнасы.

Мұнда талай уақыттан бері даулы мәселеге айналып, Ресейдің уақытша басып алған Итуруп, Кунашир, Хабомай және Шикотан аралдары Жапонияға тиесілі аумақ екені алғаш рет жазылды.



Ресми Кремльдің алаңдаушылығы үдей бастады.

Тіпті, «жапон үкіметі дамудың бейбіт жолын аттап өтіп, қателік жіберіп отыр» деген пікір де білдірді. Осы сәттен бастап Токио мен Мәскеу арасындағы саяси қарым-қатынас іс жүзінде тоқтатылды. Бірақ оған дейін бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ Путинмен 27 рет кездескенін айта кеткен жөн.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында Жапония үш негізгі қауіпсіздік құжатына түбегейлі түзету енгізді.

Бұл құжаттар – Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Ұлттық қорғаныс стратегиясы және қорғаныс құрылысының жоспары.

Атап айтқанда, таяу жылдары Жапония қорғаныс шығындарын екі есеге, яғни ЖІӨ-нің 2%-ына дейін көбейтіп, жылына 320 млрд долларға (әлемде АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орынға) жеткізуді жоспарлады.

Кюсю және Хокайду аралдарына радиусы 1000 шақырымға жететін гипердыбыстық зымырандар, сондай-ақ басқа да аралдарға радиусы 3000 шақырымға дейінгі зымырандар орналастырылады.

Осылайша, алғаш рет жаудың тойтарысын қайтару үшін алдын ала соққы беруге болатынын да меңзеп отыр. Ол үшін «Ұшқышсыз ұшатын дрондарды орналастыру бағдарламасына» 1 трлн иен бөлмек.

Шын мәнінде, Жапония 2022 жылы бейресми түрде AUKUS (Австралия, Ұлыбритания, АҚШ) үш жақты әскери аймақтық білім альянсына кірген болатын. Бұл оқиға Тынық мұхиты кеңістігін айтарлықтай тепе-теңдікте ұстайды делінді.


Алайда, Мәскеу әдеттегідей өз пікірін спикерлері мен тиісті министрлерінің аузына салу арқылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Жапонияның милитаризация туралы мәселені үзілді-кесілді қозғамауы үшін «қорқыту» әрекетіне барады. Тіпті, Қиыр Шығыстың шығыс жағалауында өзінің әскери қақтығысын ұлғайтуы мүмкін екені жөнінде де астарлы мәлімдеме жасайды. Бірақ Мәскеудің кезекті бос сандырағына ешкім мән бермеген сияқты. Себебі, Ресейдің мұны тәжірибеде жүзеге асыруына ресурсы да жеткіліксіз екенін бәрі білді.

Жапония келесі G-7 саммитіне төрағалық етуге құлшынып отыр.

Қазірдің өзінде мемлекеттің ұстанымын жеткізген Премьер-министр Фумио Кишида Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді қолдайтынын жария етті.

Сонымен қатар, Жапония үкіметінің басшысы 9-13 қаңтар аралығында Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания және АҚШ-қа жасаған стратегиялық саяси сапар барысында бірқатар келісімге, соның ішінде әскери сипаттағы маңызды құжатқа қол қойды.

Бұл тұрғыда ресми Токио 2023 жылды қазіргі заман тарихындағы бетбұрыс жылы деп атап отыр. Яғни, агрессиясы басым Ресейдің халықаралық-құқықтық тәртіпті бұзуына жол бермеу керектігіне күш салатынын ашық мәлімдеді. Ал бұл кезде путин әкімшілігі Жапониямен арадағы үдеп бара жатқан қақтығысты болдырмауға бар күш-жігерін салуда.



Кремль Токионың халықаралық қадамдарын «АҚШ-тың саяси тапсырысы» деп атағанымен қоймай, Жапонияны Қытайға қарсы қоюға тырысып әлек.

Ал, ресми Бейжің салқынқандылықты сақтап, сабырлылық танытуда. Себебі, Қытай халық республикасы екі азиялық жолбарыс арасындағы ықтимал қақтығыс Оңтүстік Курил аралдарына қатысты емес, Тайвань дағдарысы аясында болуы мүмкін екенін жақсы біледі.

Рекомендовать
Последние новости