Путин Сербия президентінен кешірім сұрады

Dalanews 11 сент. 2020 05:34 868

Сербия президенті Александр Вучич Ресей президенті Владимир Путин мен сыртқы істер министрі Сергей Лавров СІМ өкілі Мария Захарованың серб үкіметі делегациясының Вашингтонға сапары жөнінде жазған посты үшін кешірім сұрағанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл жөнінде Вучич RTS ұлттық телеканалында мәлімдеді. "Президент Путин мен Сергей Лавров менің алдымда ешқашан кешірім сұраған емес. Бірақ Захарова үшін екеуі де кешірім сұрады. Біздің қарым-қатынасымыз жақсы деп есептеймін. Болған жайт мен үшін маңызды емес", - деп Александр Вучич сөздеріне сілтеме жасайды РИА Новости агенттігі.

"Подъём" басылымының жазуынша, Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Вучич алдында кешірім сұрағанын растады.


Бейсенбі күні екі ел президенті Захарованың Фейсбукте жариялаған постынан кейінгі дипломатиялық жанжалдан соң бірінші рет телефон арқылы сөйлескені хабарланды.



Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Сербия президенті Александр Вучич пен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ үйде кездесуінің суретін жариялаған. Суретте Вучич кабинет ортасында орындықта отыр. Ал Трамп столдың арғы бетінде қарама-қарсы отыр. Мария Захарова жанына "Басты инстинкт" фильмінен үзінді келтірген.

Онда фильмдегі кадрден үзінді келтіріп, "Егер сізді Ақ үй шақырса, орындықты осылай қойса, #2 суреттегідей отырыңыз" деп жазған.

Александр Вучич Мария Захарованың постын дөрекі әрі қарабайыр деп атады. Бұл пост бірқатар серб саясаткерлерінің ашуын туғызды.

Захарова артынша кешірім сұрады.

Кремль баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Путин мен Вучич Косоводағы проблемаларды реттеу мәселесін талқылаған.

Рекомендовать
Последние новости