Путин мен Мирзиеев Өзбекстанда келіссөз жүргізді. Олардың арасында қандай келісім жасалды?

Dalanews 28 мая 2024 15:57 2657

Путиннің бұл сапарын тарихи оқиға деп бағалауға болады, өйткені, Мирзеевпен жаңаша қарым-қатынас кезеңіне бет алды.
Кездесу барысында Ресей мен Өзбекстан делегациялары 20-дан аса келісім жасап, бірқар меморандум бекітті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

▪️Нендей мәселелер талқыланды:

• Төлем жүйесінде ұлттық валюталарға көшу.

Путиннің айтуынша, былтыр екі ел арасындағы коммерциялық транзакциялардағы рубльдің үлесі 58 пайызға жеткен.

• «Мир» картасы арқылы жасалатын төлемдерге балама табудың маңызы жайлы;

• БҰҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да платформалар аясында тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығы турасында;

• Ресейлік «Газпром» және «Лукойл» компанияларының Өзбекстандағы жаңа кен орындарын белсенді игерілуі жөнінде;

Қандай келісімдер жасалды:

• Елдер арасындағы тауар айналымының 30 млрд долларға дейін өсуі туралы

• Өзбекстанға газ жеткізуді арттыру туралы

• Ресей Федерациясынан Өзбекстанға темір жол техникасын жеткізу туралы

• Ресей Федерациясында Өзбекстан азаматтары үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету туралы

• Еңбек көші-қоны саласындағы тәртіпті бірлесіп орнату туралы

• Өзбекстан көлдерінде екі жаңа электр станциясының құрылысын салу туралы

• Өзбекстанның Ресей Федерациясында сауда өкілдігінің ашылуы туралы

Қандай келісімге қол қойылды:

• Өзбекстан аумағында атом электр станцияларын салудағы ынтымақтастық туралы келісім

• Көлік машина жасау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

• Өзбекстанда Бауман атындағы МТУ филиалын ашу туралы келісім.

• Денсаулық сақтау және дәрілік заттарды реттеу туралы хаттамалар

• Өзбекстан Энергетика министрлігі мен «Газпромнефть» арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша жол картасы. 


Рекомендовать
Последние новости