Таза Қазақстан: Шыбындыкөлде 200 қап қоқыс жиналды

Жарбол Кентұлы 27 мая 2024 17:10 2748

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.


Тазалық науқанына бірі кісідей атсалысып жатқан ауданның бірі – Ұлан. Өткенде аудан жұртшылығы Сібе көлдерінің жағасын тазартып, 20 мыңнан астам көшет екті.

Бүгін балалар лагері орналасқан Шыбындыкөл аумағын тазартылды. Іс-шараға студенттер, оқушылар, жастар ұйымдарының мүшелері, эко-белсенділер, еріктілер – жалпы саны елуге жуық адам белсене қатысты.


– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ұлан ауданындағы «Ақбауыр» кешенінде, Сібе көлдерінің жағалауында тазалық жұмыстары өткізіліп, жиырма мың көшет отырғызылды. Бүгін жағалауда 200 қап қоқыс жиналды. Сонымен қатар дәл осы жерде әлемнің бес мемлекетінен келген спортшылар арасында спорттық ойындар өтуде, – деді Ұлан аудандық Ішкі Саясат бөлімінің басшысы Қанат Оралбек.


Акцияның арнайы қонағы болғанын айта кетуіміз керек. Ол – Стокгольмдан келген спортшы Иоган Мартенсон. Табиғатты қорғау- адамның басты міндеті деп есептейтін шетелдік азамат «Таза Қазақстан» акциясына қатысқанын мақтаныш тұтатынын айтты.


Бұл акция туралы естіген соң, бірден қатысамыз деген шешімге келдік. Бүгін, міне, спортшылар өзіміз ғана елу қап қоқыс жинадық. Қазақстан аумағын тазалауға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз, – дейді Стокгольмнан спортшыларды бастап келген Иоган Мартенсон.


Музыкалық сүйемелдеумен өткен сенбілік шағын мерекелік іс-шараға айналғандай. Шыбындыкөл жағасында 200 қап қоқыс жиналды. Белсенділер жинаған қоқыс арнайы орындарға жеткізілетін болады.
– Өз елін, жерін сүйетін кез-келген азамат табиғатын да аялай білу керек деп есептеймін. Акцияға қатысқаныма қуаныштымын – деді Тарғын ауылдық округінің тұрғыны, ерікті Толқын Мейірбаева.


Өңірдегі өзен-көлдер мен тоғандардың жағасын, бұлақтардың маңын тазарту және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.


Рекомендовать
Последние новости