Путин Киевпен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ бір нюанс бар

Көркем Алдабергенова 09 февр. 2024 11:38 3593

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин америкалық консервативті саяси шолушы Такер Карлсонға сұхбат беріп, Украинамен қарым-қатынас туралы айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әңгіме барысында Путин Киевпен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ РФ басшысы бәріне Ресеймен келіссөздер жүргізуге тыйым салатын жарлық шығарған Владимир Зеленский кінәлі екенін айтады. Яғни Зеленский қол қойған жарлықта ешқандай тыйым жоқ, яғни Ресеймен емес, оның президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу мүмкін емес.

Путин Зеленскийге жарлықтың күшін жойса "бәрі бітетінін" айтады.

"Біз ешқашан келіссөз жүргізуден бас тартқан емеспізғой. "Ресей дайын ба?" дегенді көп естиміз. Біз бас тартқан емеспіз! Олар (Украина) көпшілік алдында бас тартты. Жарлықтың күшін жойып, келісімге келсін. Біз ешқашан бас тартқан емеспіз (келіссөз жүргізуден)", - дейді Путин.  

Сонымен қатар, Владимир Путин америкалықтарға да үн қатты: "Ал АҚШ-қа бұл жанжал керек пе? Не үшін? Бұл сіздердің ұлттық аймақтарыңыздан мың есе алыста тұр. Сіздерде (америкалықтарда) басқа да проблема жетеді ғой: шекарадағы проблемалар, көші-қон проблемасы, мемлекеттік қарыз проблемасы бар, ол шамамен 33 триллион доллардан астам. Басқа айналысатын тірліктеріңіз жоқ па? Неге Ресеймен келісе салмасқа? Қазіргі жағдайды түсініп, Ресей өз қызығушылығын қорғайтынын түсініп, келісімге келіп, парасаттылыққа оралып, елімізді және оның мүдделерін құрметтеуге және шешу жолдарын іздеу керек. Ең дұрыс әрі ұтымды шешім осы деп ойлаймын", - дейді Путин.

Путин дәл осылай айтады деп саясаттанушы Татьяна Становая болжам жасаған болатын. Ол Путин АҚШ Украинаны қолдауын тоқтатып, Ресеймен келіссөз жүргізу АҚШ мүддесіне сай келеді деп айтады деп болжаған.


Рекомендовать
Последние новости