"Сөзіне еріп, барымызды бердік". Депутат Дәулет Мұқаевтың басы дауға қалды

Сағыныш Сардарова 09 февр. 2024 09:37 2423

Блогер, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың басы дауға қалды. Бұл жолы 200-ден аса халық оның жарнамасына сеніп, "баспанасыз қалғандарын" жеткізіп отыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәселе "Астарлы ақиқат" бағдарламасында көтерілді. Maх Bet-тен зардап шеккен жүздеген адамның сөзінше, компанияны әнші Төреғали Төреәлі, әзілкеш Нұрболхан Шарапов, депутат Дәулет Мұқаев жарнама жасағаннан кейін ғана сеніп, барын берген. Ал енді қоныс той жасаймыз деп күткендер тұрғын үй кешенінің салынбағанын білген. 

"2022 жылы тамызда 200-ден аса адам Maxbet PV2-ге салымшы ретінде ақша салған болатынбыз. Жалпы сома әлі белгісіз, бірақ 2 млрдтан аса сома салынды", - дейді салымшылардың бірі Мейір Алтынбекұлы.

Ал бұл құрылыс Алматыдағы заңсыз құрылыс тізіміне енген болып шықты.

"Дәулеттеннің сөзіне еріп, компанияға барып, ақшамды салып едім. 10 миллионнан аса ақша салдым", - дейді Айжамал Байсақалова. 

Салымшылар үйді былтыр алуы керек болған. 

"Топта 224 салымшы бар. Ол жерде бәрі білімді, оқыған. Бірақ солардың 80-90 пайызы Дәулеттенге сенді. Ол кезде депутат болған жоқ, блогер болды. Неге ол кісіге сенді? Себебі парақшасында "Әр қазақ баспаналы болсын" деп курс сататын", - дейді тағы бір салымшы.

Жарнамада депутат үй 2023 жылдың аяғында бітетінін, "Дәулеттен" десе, тіпті "18 айға дейін бөліп төлеуге болатынын" айтады. 

Десе де айыпталып отырған компания өкілі Мұқаевтан жарнама алу үшін қыруар қаржы жұмсағандарын жеткізді.

 

 

 


Рекомендовать
Последние новости