Прокуратура Ресейге баратын қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Cағыныш Сардарова 01 июн. 2024 14:39 4491

Прокуратура Ресейге баратын қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес адыраспан құрамында есірткі немесе психотроп заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген.

"Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - деп жазылған хабарламада.

Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар саны артуына байланысты қылмыстық жауапкершілікті болдырмау мақсатында Бас прокуратура қазақстандықтарға бұл өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізбеу керегін ескертеді.


Рекомендовать
Последние новости