Бизнесіңізді қолдау үшін 5 миллион теңге жеңіп алыңыз

Dalanews 30 мая 2024 11:30 2307

Assyltas қоғамдық қоры «ASSYLTAS BUSINESS HELP» жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба аясында 21-35 жас аралығындағы жас бизнесмендер конкурс негізінде 3 жыл уақытқа дейін және 5 миллион теңгеге дейінгі сомаға қайтарымды грант ала алады.

Байқауға қатысу үшін assyltas.kz сайтындағы анкетаны толтырып, бизнесіңіз туралы қазақ тілінде 1-3 минуттық видео түсіріп, бизнес-жоспар жасау керек. Жеке басты куәландыратын құжатпен бірге барлық құжаттарды assyltasfoundation@gmail.com поштасына бір хатпен жіберу керек. Бизнес-жоспардың жобасы тек қазақ тілінде қабылданады.

Байқауға кез келген түрдегі шағын бизнес өкілдері қатыса алады, алайда жеңімпаздарды таңдау кезінде креативті және әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беріледі. Олардың қатарына салауатты өмір салтын насихаттау, өндірісті ұйымдастыру және мобильді қосымшалар жасау, сондай-ақ қазақ тілі мен ұлттық өнерді дамыту жобалары кіреді.

«Asyltas Business Help» компаниясының қайтарымды гранты – бұл жылдық мөлшерлемесі 0,01% болатын, яғни пайызсыз шағын несие деуге болады. Конкурс құрылтайшыларына заң бойынша пайызсыз несие беруге тыйым салынғандықтан, олар шағын несие бойынша көрсетілген ең төменгі сыйақыны белгілеуге мәжбүр.

Толық ақпарат алу үшін 7788 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе 8 747 721 65 10 нөміріне WhatsApp-қа жазыңыз.


Рекомендовать
Последние новости