Президенттік жастар кадр резервінің бірінші кезеңі аяқталды

Dalanews 05 окт. 2021 09:35 911

2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу барысындағы «қабілеттерді тестілеу» кезеңінде мәтіндік тестілеу қорытындысы бойынша 8 және одан да жоғары балл жинаған үміткерлер келесі кезеңге өтті. Олардың нәтижелері туралы ақпарат 2021 жылғы 4 қазан күнінің соңына дейін pk.rezerv.gov.kz платформасындағы әрбір үміткердің жеке кабинеттеріне жолданады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ал, 2021 жылғы 6 қазан күні Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің екінші кезеңінде үміткерлер сандық тестілеуден өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеуді жүзеге асыруда.  Іріктеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші алынатын болады.

Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау.

Іріктеуге осы жылы 8638 адам тиісті құжат тапсырып, тіркеуден өтті.

Рекомендовать
Последние новости