Президент Үкімет неліктен отставкаға кеткенін түсіндірді

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 15:02 3129

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті неліктен отставкаға жібергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, өзгерістерді халық та күтіп отыр.

"Үкімет жаңа, маңызды рөл атқаруы, жедел шешім қабылдауы, пәрменді қадамдар жасауы тиіс. Халқымыздың игілігі үшін экономиканы әртараптандыруды ынталандыруға бағытталған батыл берік шешімдер қабылдау қажет. Біз жаңа қиындықтарға төтеп бере білуіміз керек, Үкімет бұған дайын болуы керек.

Үкіметтің қызметіне жаңа серпін беру керек, оны жұртшылық та күтіп отыр. Осы себепті мен Әлихан Смайыловтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдадым. Үкімет оның басшылығымен барлық салада тұрақтылықты қамтамасыз етті", - деді Тоқаев.


Рекомендовать
Последние новости