Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындау жүргізді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік,Серік Жақсығалиұлы 2024 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған еді.