Президент кубогы ақын Ербол Алшынбайға бұйырды

Dalanews 09 нояб. 2016 04:29 834

XIX "Шабыт" Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өз мәресіне жетті. 

Бүгін алдымен Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Шабыт» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Одан кейін кешінде «Шабыттың» Гран-при иегерлері Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты түрде арнайы марапатталды.

Биылғы Президент кубогы «Үздік әдеби шығарма» номинациясына берілді. Аталған номинация бойынша Гран-при иегері атанған ақын Ербол Алшынбай Президент кубогын қанжығасына байлады.

Президент кубогы поэзия жанрына соңғы рет 2006 жылы берілген болатын. Бұл жылы қос ақын Ерлан Жүніс пен Бақытгүл Бабаш Поэзия жанры бойынша Гран-приге ие болды. Қазылар алқасының шешіммен Президент кубогы Ерлан Жүніске бұйырды. Араға он жыл салып Президент кубогы ақындардың еншісіне тиіп отыр.



Еске сала кетсек, биылғы «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша жеңімпаз ақындарның тізімі төмендегідей:

Арман Шеризат – Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы атынан арнайы сыйлық (75 000 теңге)

Әлімжан Әлішер – «Әдебиет порталы» тағайындаған Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлық (50000 теңге)

Ұмтыл Зарыққан – Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов атындағы атаулы сыйлық (75 000 теңге)

Медет Божан – 3 - орын, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (150 000 теңге)

Айдана Сегізбаева – 2-орын, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (200 000 теңге)

Асылбек Жаңбырбай – 1-орын Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (250 000 теңге)

Ербол Алшынбай – Гран-При, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (300 000 теңге)

Дереккөз: Массагет


Рекомендовать
Последние новости