Жақсылық Омар Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Dalanews 09 нояб. 2016 05:08 800

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Жақсылық Мұқашұлы Омар Президент әкімшілігінің келісімімен Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Мамандығы – география пәнінің оқытушысы, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.



Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Республикалық халықаралық мәдени бағдарламалар комитеті дирекциясының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдарда Мәдениет министрлігінде жетекші маман, бас маман, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, қоғамдық-саяси бөлімінің продюсері, «Арнамедиа» ҰАХ» АҚ бас менеджері, Парламент Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің сарапшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдың мамыр айынан – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Айта кетсек, Алматы облысы әкімінің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бақтияр Әлтайұлы Өнербаев облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.



 

Рекомендовать
Последние новости