Президент энергетика министріне АЭС құрылысы бойынша тапсырма берді

Кәмшат Тілеухан 23 дек. 2024 15:43 321

Бүгін, 23 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп жазады Dalanews.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.

Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Айта кетсек, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңында қуаттылығы 2–2,8 ГВт болатын атом электр станциясын салу мәселесі талқыланып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости