Полицияда қазақ тілін түсінетін ит қызмет етіп жүр

Көркем Алдабергенова 22 нояб. 2024 11:58 352

Полицияда қазақ тілін түсінетін ит қызмет етеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

“Отыр, жат, тұр” – осы және басқа да көптеген команданы бельгиялық овчарка Логон жақсы түсінеді.

Иісшіл ит ерекше қабілетке ие, ол қазақ тілінде берілген бұйрықтарды мүлтіксіз орындайды.

Қызметтік ит қарапайым тапсырмалардан бастап, күрделі операцияларға жылдам әрі нақты жауап береді.

Логонның осындай ерекше дағдыларының артында ШҚО-дағы кинолог Өмірзақ Қисановтың еңбегі тұр.

Ол итті үйрету үшін көп күш-жігерін және уақытын жұмсады.


Рекомендовать
Последние новости