Полицейді сынаған қазақстандық ірі көлемде айыппұл арқалады

Қаракөз Амантай 29 мар. 2024 13:55 2318

Полицейді сынаған қостанайлық жарты миллионнан астам айыппұл арқалады. Мұндай шешімді Қарабалық аудандық соты шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарабалық аудандық сотында "БАҚ арқылы жала жабу" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Ақпан айында қостанайлық тұрғын учаскелік инспектордың әрекетін сынаған видеоны жариялаған. Автордың айтуынша, полицей хаттаманы қате толтырып, жол-көлік оқиғасының сапасыз сызбасын жасаған. Бұл оқиға қатысушылардың біріне негізсіз айып тағылуына себеп болған.

"Сот С.-ның ішкі істер бөлімі мен сот шешімімен Б.-ның жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын біле тұра, өзінің бейнежазбасында учаскелік полиция инспекторының ар-намысы мен абыройына және құқығына нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны анықталды. Әлеуметтік желілер арқылы беделін түсірді" делінген Қостанай сотының баспасөз хабарламасында.

Нәтижесінде видео авторына 180 АЕК – 664 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Рекомендовать
Последние новости