Жалпы игерілетін жер көлемі 44,6 гектарды құрайды. Мұнда 29 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.

Бұл жалпы ауданы 289,9 мың шаршы метр болатын 18 кешен. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 73,1 мың м2 болатын 9 тұрғын үй салынуда. Көпқабатты үйлердің құрылысын аяқтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.


Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.