Петропавлда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту ісі қалай іске асуда?

Dalanews 27 сент. 2022 10:53 821

Петропавл қаласында түрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту ісіне мемлекеттік бағдарламалардан 1 млрд теңге бөлінгенін қала әкімі Руслан Анбаев халықпен жүздесуінде мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өз кезегінде қала басшысы өткен жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарыны республикалық бюджеттен 980 млн теңге бөлінгенін алға тартты.

Бұл қаржыға 18 көппәтерлі тұрғын үйге жаңғырту жұмысы жүргізіліп, 13 үйдің ескі шатыры толық ауыстырылып, бес үйдің жеделсатысы ауыстырылған екен. Осы ретте соңғы 25 жылда үш үйде жеделсаты мүлде жұмыс істемегенін айта кетуіміз керек. Осылайша қала тұрғындары тұрғын үйлердің жаңғырту жұмыстарының пайдасын көріп, жергілікті билік орындарына алғас айтқан болатын.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, тиісті деңгейде жүргізілгенін атап айтуға болады. 2022 жылы бұл мақсатқа бөлінен қаржының көлемі 1 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 19 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

– Бүгінде тұрғын үйлерді жөндеуге қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Олардың көпшілігі жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты. Тұрғын үйлерге жаңғарту жұмыстарын жүргізерде тұрғындармен жақсылап, кеңесіп алу керек. Жобалық сметалық құжатты дайындаудан бастап, жұмысты қабылдап алу ісіне тұрғындар толықтай қатысуы керек. Жөндеу жұмысымен айналысқан компаниялардың жұмысына тұрғындардың көңілі толмаса, бірде-бір құжатқа қол қоймаймыз, – деп қала басшысы көкейде жүрген ойын ашып айтты.

Рекомендовать
Последние новости