Петербургтегі терактіге Қазақстан азаматының қатысы бар ма?

Dalanews 04 апр. 2017 02:52 881

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің Фейсбук парақшасында Санкт-Петербургтегі терактіге қазақстандықтың қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

«Кейбір БАҚ-та 3 сәуір күні Сант-Петербургтегі терактіні орындаушы  Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. 3 сәуір күні жергілікті уақытпен 21:06-да Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулына алматылық Ирина Арышевадан телефон қоңырауы келіп түсті. Ол жарылыс туралы ақпараттан кейін Санкт-Петербург экономикалық университетінің 3-курсында оқитын өзінің ұлы, 09.08.1996 жылы туған Арышев Максим Витальевичтің байланысқа шықпай қалғанын айтқан. Санкт-Петербургте М.Арышев өзінің дос қызымен, әпкесімен және жездесімен бірге тұрады. Туыстарының хабарлауынша, Максим соңғы рет 3 сәуір күні 14:30-да сабақтан шығып, Сенная площадь стансасынан Технологиялық институт арқылы үйге қайтып келе жатқанын хабарлаған»,  – деп жазды Әнуар Жайнақов.

Қазіргі уақытта Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулы теракті құрбандарын тану жүргізіліп жатқан ауруханада. Астана уақытымен таңғы сағат 5.30 жағдайында құрбандар арасында Қазақстан азаматтарының жоқтығы анықталды. "Максим Арышевтың Санкт-Петербургтегі терактіге қатысы бар деп айтуға әлі ерте. Оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр». Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», – деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

 

Дереккөзі: Қазақпарат

Рекомендовать
Последние новости