ПАЙҒАМБАРДЫ МАЗАҚ ҚЫЛҒАН КІМ?

Dalanews 21 февр. 2015 12:45 1168

Швед меценаты Альфред Нобельдің атындағы атақты премияның иегерлерін кім анықтайды және қалай анықтайды? Түсініксіз. Және жыл өткен сайын осы иегерлердің қаншалықты әділ жеңіске жеткеніне күмәнмен қарайтын болдық. Соңғы жылдары Нобель комитеті премияны жалпы адамзат мүддесінен бұрын, нақты бір мемлекетке пайда келтірген адамдарға табыстауды үрдіске айналдырып жібергендей...

Әуелде Альфред Нобельдің шешімі бойынша ақшалай сыйлық, бірінші: физика, химия, медицина, физиология және экономика саласында маңызды жаңалық ашқанға; екінші – идеалистік бағыттағы ең үздік шығармашылық жұмысқа; үшінші – бейбітшілікке үндеген, ырыс-ынтымақтың орнауына септескен еңбектерге табысталатын. Ал қазір қалай? Қазір Нобель премиясын – Флеминг Роузға (жоғарыда суретте) табыстамақ.  Ол кім? Ол Мұхаммед пайғамбардың сайқымазақ суретін алғаш жариялаған Даниядағы Jylands-Posten газетінің редакторы.  
Бүгінгі Батыстың дінге, діни құндылықтарға деген құрметі төмендеген.  Өзінің діні мен дәстүрінен бас тартқан Еуропаның өз дініне деген құрметі қалмай барады. Дәлел керек пе?

2012-07-17-16.46.35Мұхаммед пайғамбарды мазақ қылатын 12 сурет дәл осы басылымда 2005 жылдың қыркүйегінде жарияланды. Олар мұны сөз бостандығының, ой бостандығының көрінісі деді...Мұнымен қоймай суреттерді дәл осы ұранды жалау өткен өзге басылымдар көшіріп басты. Бұл жайт Ислам әлемінің ашуын туғызып, мұсылман елдерінде жүз мыңдаған адам қатысқан наразылық акциялары өткенін білеміз. Осы суреттердің авторлары елдің көзінен жасырынып жүруге мәжбүр болды. Еуропадағы мұсылман бауырлардың қолына түссе аяушылық көрмесін білді. Иә, суретті салуға қорықпаған оларға да жан керек екен...

Енді не болды дейсіз ғой? Норвег парламентінің ықпалды мүшесі Майкл Тетзшнер мырза осы Роузды Нобель премиясына ұсынып отырғанға ұқсайды! «Егер премияны дәл осы азаматқа табыстасақ бұл сөз бостандығының жеңіске жеткенінің көрінісі болады. Осылайша біз сөз бостандығы мен азаматтық құқықты аяққа таптап отырғандарға үлгі көрсетеміз, олардың «жабайы жолмен» жүріп ешқашан жеңіске жетпесін дәлелдейміз», – деген екен Тетзшнер өзінің Нобель комитетіне жолдаған хатында. Ол «бұл керемет шешім» деп ойласа, қатты қателеседі.
Ал қазір қалай? Қазір Нобель премиясын – Флеминг Роузға (жоғарыда суретте) табыстамақ.  Ол кім? Ол Мұхаммед пайғамбардың сайқымазақ суретін алғаш жариялаған Даниядағы Jylands-Posten газетінің редакторы.

Ал сіз осы Альфредтің (Нобельдің) қалай байығанын, қалай меценат атанғанын білесіз бе? Ол  Бакудағы мұнай кеніштерін игерген адам...Ал Әзірбайжанның мұнай тарихи дәл осы Нобельдің атымен байланысты.  Бұдан басқа алып қосарымыз жоқ. Онсызда түсінікті шығар.

Сонда дат газетінің редакторын Нобель премиясына ұсынып отырған Батыс нені көздеп отыр? Нобель комитеті бейбітшілік премиясының иегерін қандай талапқа сай анықтайды?

Бұған жауап: бүгінгі Батыстың дінге, діни құндылықтарға деген құрметі төмендеген.  Өзінің діні мен дәстүрінен бас тартқан Еуропаның өз дініне деген құрметі қалмай барады. Дәлел керек пе? Католиктер мен протестанттар қазір өз-өздерін қорғайтын жағдайда емес. Былтыр шіркеуде гомосексуализмнің адам табиғатына, дінге қайшы екенін айтқан швед пасторы түрмеге қамалды. Ал мұсылмандар мұндайды көтермейді!

 Ғаламтордан көзіміз шалып қалды. «Бейшара Нобель премияның кімге табысталарын естіп көрінде тыныш жата алмай жатқан болар...» депті. Қазіргі Нобель комитеті «әділ, ақылды билерден құралған» десеңіз қатты қателесіз, олар әлдеқашан саяси ойыншыққа айналған.

Заур РАСУЛЗАДЕ, әзірбайжан саясаттанушысы


 

 

Рекомендовать
Последние новости