Павлодарда білім басқармасы басшысының орынбасары жауапқа тартылды

Dalanews 08 янв. 2024 08:36 1075

Павлодарда білім басқармасындағы қате есептеулердің салдарынан кәсіпкерлер 90 млн теңге көлемінде шығынға ұшырады.

Облыстық прокуратура мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттардың орындалуына талдау жүргізді. Оның нәтижелері тамақтану сомаларын есептеу Кәсіпкерлік кодекстің, тамақтануды ұйымдастыру ережелерінің, салық және бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып жүргізілгенін көрсетті.

Білім басқармасы бюджеттік өтінімдерді жасау барысында бір реттік мектептегі тамақтану құнының есебіне қосымша құн салығы ставкасын (12%) назарға алмағаны анықталды. Тамақтануды ұйымдастырғаны үшін төлем салықты шегере отырып жүргізілген, яғни бір оқушыға 450 теңгенің орнына 402 теңге төлеген.

Аталған мән-жайлар қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті іске асыратын 33 шаруашылық субъектісі құқығының бұзылуына әкеп соқтырды. Қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру практикасы қайта қаралды. Кәсіпкерлерге 90 млн теңге көлемінде негізсіз ұсталған ҚҚС сомасы төленді, – делінген хабарламада. ​

Жіберілген бұзушылықтар үшін облыстың білім беру басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Рекомендовать
Последние новости