Павлодарда белгісіз адамдар банктің қабырғасын бұзды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеп.
Әлеуметтік желіде Естай, 40 мекенжайында орналасқан Halyk bank бөлімшесінде қабырға бұзылды деген хабарлама таралды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
– 11 қарашада сағат 9:30-да полицияға банктердің бірінің филиалында қабырғаның бұзылғаны анықталды деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы келді,– деді департаментте.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.