Павлодарда азық-түлік бағасы арзандауда

Dalanews 16 июн. 2019 18:25 831

Павлодар өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы арзандауда.

Өңір басшылығы халықтың талап-тілегіне құлақ асып, әлеуметтік бағытта әділ саясат жүргізуге басымдық беруде.

Облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасы негізінде халық жиі тұтынатын азық-түліктің бағасын тұрақтандыру және баға саясатына делдардың араласуына жол бермеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.


Бұл жайында күні кеше облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мәлімдеді.

«Өңіріміздегі әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыру мәселесі басқармамыздың тұрақты бақылауында екенін хабарлаймыз.

 Бағаны тұрақтандыру шеңберінде басқарма Павлодар қаласының әкімдігімен бірлесіп, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен, көтерме жеткізушілермен 20 меморандум жасасты.

 Қала мен аудан әкімдіктері 2019 жылға облыстың 99 әлеуметтік дүкенімен «Әлеуметтік дүкендердің» жұмыс етуін қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдар жасасты. Тұрақтандыру қорынан төмен бағамен өнім босатылуда. Апта сайынғы негізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі», - деді басқарма мамандары.

Облыстың статистика департаментінің деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың 3-7 маусым аралығында халық жиі тұтынатын азық-түлік, көкөністің бағалары әжептәуір төмендеген. 

«Ақ қырыққабаттың келісі 175-тен 160 теңгеге (8,6 пайызға), 1-санатты тауық жұмыртқасы 233-тен 230 теңгеге (1,2 пайыз) дейін төмендеді», - деді департаментте.


Айта кетелік, бұдан бөлек облыс әкімінің тапсырмасы негізінде биылғы жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінен келісі 85 теңге болатын бағамен қырыққабат жеткізу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесін беруде.

Павлодар қаласының әкімдігі өз кезегінде маңдайшасында «әлеуметтік дүкен» деген жазуы бар 5 әлеуметтік павильон орнатқан тұғын. Алдағы уақытта дәл осындағы 3 павильон салынатын болады. Сондай-ақ халықтық базарға айналған «Затон» базарында 1 әлеуметтік бөлім және «Караван» базарында дәл осындай 3 бөлім ашылды.

Рекомендовать
Последние новости