Павлодарда әйел екі баласын көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Telegram-дағы «За нами уже выехали» арнасы хабарлады.
Оқиға туралы жедел жәрдемге көшеде кетіп бара жатқан куәгер хабар берген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шақырту аса шұғыл санатпен тіркеліп, оқиға орнына үш жедел жәрдем тобы жіберілген. Олар алты минут ішінде жеткен.
Ауыр халде жатқан екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ал ауыр жарақат алған әйел Павлодар қалалық №1 ауруханаға жатқызылды.