Павлодар облысы әкімінің орынбасары шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Dalanews 16 июн. 2020 05:47 779

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Асхат Ораловтың дене қызуының көтерілуіне байланысты коронавирусқа тест тапсырғанын хабарлады.

Тест оң нәтиже берді. Онымен тығыз байланыста болғандар анықталып, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.


Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері КВИ бойынша тестілеуден өтті. Нәтижелері кейінірек жарияланады. Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция режимінде жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулер болмайтын болды.

Рекомендовать
Последние новости